Қазақстан азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктері латын қаріптерімен жазылатын болады

0
1 357

​Үкімет отырысында ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына ауыстыру жоспарының дайындалғаны туралы айтты.


Қазақстан азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктері латын қаріптерімен жазылатын болады

Үкімет отырысында ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына ауыстыру жоспарының дайындалғаны туралы айтты.

«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына ауыстыру туралы жоспар дайындалды. Латын гарфикасының негізінде қазақ тілінің жаңа әліпбиі бойынша жазу үлгісінің ережесі дайындалуда. Латын әліпбиінің мәтіндік IT-қосымшасы да дайындалып жатыр», - деді ол.

Е.Қожағапановтың айтуынша, екінші кезеңде 2021-2023 жылдары Қазақстан азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктері, басқа да құжаттар мемлекеттік тілде, латын әліпбиінде берілмек. Сондай-ақ, жаңа әліпбиді оқыту үшін семинарлар ұйымдастырылып, оған филологтар мен лингвист-ғалымдар тартылады және арнайы курстар өткізіледі.

Үшінші кезеңде іс жүргізу мен жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік БАҚ және мемлекеттік басылымдар 2024-2025 жылдары жаңа әліпбиге кезең бойынша өтеді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының іс жүргізуі де кезең-кезеңімен латын қарпіне өтеді, - деп түйіндеді вице-министр.