Қазақстан азаматтығын алмаған қандастарға да 42 500 теңге беріледі

0
664

Үкімет басшысы Асқар Мамин атаулы әлеуметтік көмекті қолда бар деректер негізінде алдын ала жүргізуді тапсырған еді.


Қазақстан азаматтығын алмаған қандастарға да 42 500 теңге беріледі

ERNUR.KZ. Қазақстан азаматтығын алмаған, алайда оралман мәртебесі бар қандастарға 42 500 теңге беріледі. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Тұрақты тіркеуде тұрып оралман мәртебесі бар қазақтар құқықтары жағынан тұрғылықты азаматтармен тең. Оларға ешқандай кедергі жоқ және Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей көмек көрсетіледі. Егер жұмыс істеп жүріп, табысынан шектеулер салдарынан айырылған болса, ол 42 500 теңге алады», - дейді Сырымбек Төлеуұлы.

Еске сала кетсек кешегі Үкімет отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин атаулы әлеуметтік көмекті қолда бар деректер негізінде алдын ала жүргізуді тапсырған еді.

Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында министр шілде айына берілетін 42 500 теңге әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қандай порталдар жұмыс істейтіндігін айтып берді.

Өз кезегінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған санаттағы азаматтардың 42 500 теңгелік төлемді ала алатынын растады.

«Министр бұл сұраққа Facebook бетінде жауап берген. Дұрыс. Қазақстан азаматы болсын, қандас болсын алады. Бастысы ол бұған дейін ресми түрде жұмыс істеп, табысының жоғалтқаны расталуы тиіс», - деді министрліктің баспасөз хатшысы Алексендр Кононец.