Қазақстан, Әзербайжан және Түркия мектептеріне «Ортақ түркі тарихы» оқулығы енгізілді

0
873

Оқулық ежелгі дәуірден бастап XV ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды.


Қазақстан, Әзербайжан және Түркия мектептеріне «Ортақ түркі тарихы» оқулығы енгізілді

ERNUR.KZ. Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттер басшыларының тапсырмасымен Халықаралық Түркі академиясы әзірлеген «Ортақ түркі тарихы» оқулығы Қазақстан, Әзербайжан және Түркия мектептерінің бағдарламасына енгізіле бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Биылғы жылы «Ортақ түркі тарихы» пәнін факультатив ретінде Түркияда 30 мың оқушы, Қазақстанда 15 мың оқушы, Әзербайжанда 10 мың оқушы таңдады. Оқулық ежелгі дәуірден бастап XV ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды. Оқу құралында түркі халықтары құрған мемлекеттердің тарихымен бірге олардың дәстүрлері, мәдениеті және ұлттық ойындардың пайда болу тарихы жан-жақты көрсетілген», - делінген Халықаралық Түркі академиясының ресми сайтында.