Қазақстан Байқоңыр маңындағы жерді қайтарады – президент заңға қол қойды

0
867

Ресей арендасынан шығарылатын жер учаскелері ғарыш айлағы маңындағы ауылдың бірін үлкейту үшін пайдаланылады. Бұған қоса, ірі магистралды жобаларды салуға арналады.


Қазақстан Байқоңыр маңындағы жерді қайтарады – президент заңға қол қойды

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей арендасынан 11,6 мың гектар жерді шығару туралы заңға қол қойды, деп жазады sputniknews.kz.

"Мемлекет басшысы «1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп жазылған жарлықта.
Қазақстан Ресей арендасынан төрт жер учаскесін өзіне қайтарады. Аумағы 1 740 гектар болатын екі учаске Қармақшы ауданы Төретам ауылын кеңейту мақсатында арендадан шығарылмақ.
Аумағы 9 950 гектар болатын тағы екі учаске Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізі, Алматы-Мәскеу теміржолы мен Бейнеу-Шымкент газ құбырының желілік бөлігін салып, қолданысқа енгізу үшін пайдаланылады.
Жер қабылданбас бұрын экологиялық сараптамадан өткізіліп, қабылдау актісі жасалды.
Бұған дейін Ресей арендасынан Байқоңырдағы аумағы 11,6 мың гектар болатын жер учаскелерін қайтару шешімі мақұлданды.
Тиісті хаттамаға 2017 жылдың 9 қарашасында Челябинск қаласында қол қойылды.