«Қазақстан барысы» финалына екі балуан шықты

0
2 163

Турнир жеңімпазына 25 миллион теңге ақшалай сыйлық, алтын белбеу және алтыннан құйылған «тайтұяқ» беріледі.


«Қазақстан барысы» финалына екі балуан шықты

ERNUR.KZ. Бүгін елордада өтіп жатқан республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде финалға шыққан алғашқы балуандар анықталды, деп жазады inform.kz.

Мұндай мүмкіндікке қызылордалық Мақсат Исағабылов ие болды. Ол жартылай финалда жамбылдық Ғалымжан Қырықбаевтан айласын асырып кетті.

Мақсат Исағабылов 1994 жылдың 17 қарашасында дүниеге келген. Бойы 184 сантиметр болса, салмағы 120 келі.

Бұған дейін қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған.

Сонымен қатар, жартылай финалдағы екінші белдесуде шымкенттік Нұрсәт Темірхан мен маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов тайталасқа түсті.

Кездесу барысында Нұрсәт Темірханның жарақат алып қалуына байланысты жарыс жолынан шығып қалды. Осылайша төрешілер шешімімен Нұрдәулет Жарылғапов финалға жолдама алды.

Нұрдәулет Жарылғапов 1996 жылдың 2 наурызында дүниеге келген. Бойы 182 сантиметр, салмағы 148 келі.

Ол қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған.

Еске салсақ, турнир жеңімпазына 25 миллион теңге ақшалай сыйлық, алтын белбеу және алтыннан құйылған «тайтұяқ» беріледі. Ал екінші орын иегері 5,5 миллион теңге мен күміс белбеу, қола жүлдегер 1,8 миллион теңге мен қола белбеуге қол жеткізеді.