​Қазақстан дизель отынын сыртқа шығаруға тыйым салады

0
1 002

Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев хабарлады.


​Қазақстан дизель отынын сыртқа шығаруға тыйым салады

ERNUR.KZ. Қазақстан дизель отынын сыртқа шығаруға тыйымды жыл соңына дейін енгізеді. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев журналистерге хабарлады.

"Құжаттар дайындап, оны тиісті мекемелермен келістіріп жатырмыз. Он күн сайтта тұрған соң, мен оған қол қоясын. Менің ойымша, тыйым желтоқсан айында жарты жылға енгізіледі. Бұл тыйым дизель отынына ғана қатысты болады", - деді энергетика министрі.

Бұған дейін Бозымбаев мұндай тыйым енгізу себебін көршілес Ресейде дизель отынының бағасы жоғары болуымен түсіндірген.

"Дизель отыны бағасының Ресеймен айырмашылығы - 60-70 теңге. Шекара ашық. 193 теңге тұратын дизель отынының бағасы 250 теңге болуы мүмкін", - деп түсіндірді Бозумбаев.

Бұған дейін Қазақстанның энергетика министрлігі елдің Ресеймен шекаралас аймақтарында дизель отыны мен бензин тұтыну көрсеткіші күрт көтерілгенін хабарлаған.


Дереккөз:centralasian.org/a/