Қазақстан Елшісі Куба Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

0
668

Революция сарайында болып өткен іс-шараға Кубаның Сыртқы істер министрі Бруно Родригес Париллья да қатысты.


Қазақстан Елшісі Куба Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

ERNUR.KZ. Қазақстан Елшісі Адриан Елемесов Куба Республикасының Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудеске сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Революция сарайында болып өткен іс-шараға Кубаның Сыртқы істер министрі Бруно Родригес Париллья да қатысты.

Рәсім барысында Куба басшысы Қазақстан Елшілігінің ашылуын жоғары бағалай отырып, екі ел арасындағы достық ынтымақтастықтың одан әрі дамуына және халықаралық сахнада өзара қолдау көрсету тәжірибесін одан әрі жалғастыруға ниет білдіріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің жеке сәлемін жеткізуді өтінді.

Өз кезегінде, А. Елемесов Куба Президентіне Мемлекет басшысының ізгі тілектерін жеткізіп, оның 1995 жылғы қаңтарда ҚР Сыртқы істер министрі ретінде Кубаға жасаған сапарын жылы лебізбен еске алатынын айтып өтті. Осы ретте Президент Мигель Диас-Канель Қ.Тоқаевтың бұрынғы Кеңес одағы республикаларының арасынан бірінші болып Кубаға іс-сапармен келгенін жоғары бағалап, есіне алды.