Қазақстан Германияға 20 мың тонна мұнайды қашан жөнелтетіні белгілі болды

0
527

20 мың тонна мұнай "Дружба" құбыры арқылы жөнелтіледі.


Қазақстан Германияға 20 мың тонна мұнайды қашан жөнелтетіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Жақын арада қазақстандық мұнайдың алғашқы партиясы Германияға жөнелтіледі. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

20 мың тонна мұнай "Дружба" құбыры арқылы жөнелтіледі.
"Кеше процедуралар аяқталып, қорытынды жасалды. Бүгін басталатынына қатты үміттенемін. Бұл енді компанияның, жүк жөнелтушілердің ішкі келісімшарттық стратегиясы ғой. Бәрі аяқталғандықтан, бүгін мұнай жөнелту басталады деп ойлаймын", - деді Ақшолақов үкімет кулуарында.
Қазақстан мұнайдың алғашқы партиясын Германияға қаңтар айының басында жөнелтуді жоспарлаған болатын. Кейін бұл жұмыс ақпанның бірінші жартысына шегерілді.