"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК басқармасына жаңа төраға тағайындалды

0
1 394

Азамат Батырқожа 1972 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген.


Директорлар кеңесінің шешімімен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Азамат Батырқожа 1972 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген.

1993 жылы Н. И. Крылов атындағы Ракета әскерінің Харьков жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін, 2005 жылы «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Түрлі жылдары корпоративтік секторда, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Ұлттық банкінде, «Қазақтелеком» ААҚ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде, «Самұрық-Қазына» тұрақты даму қорында жұмыс істеген.

2010-2014 жылдары – Дүниежүзілік банк жобасы «Технологияларды коммерцияландыру» жобаны басқару тобының директоры.

2014-2017 жылдары – ҚР ИДМ технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры.

2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін «Синергия» ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС-де директор қызметін атқарған.