Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 113-орында тұр

0
805

Ең жылдам интернет Тайваньда, Сингапурде және Ла-Манш бұғазындағы Джерси аралында тіркелген.


Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 113-орында тұр

ERNUR.KZ. WebsiteToolTester компаниясы интернеттің жылдамдығы бойынша елдердің рейтинг тізімін жасады, деп жазады 24.kz.

Ең жылдам интернет Тайваньда, Сингапурде және Ла-Манш бұғазындағы Джерси аралында тіркелген. Үздік жиырма елдің қатарына Жапония, Люксембург, Нидерланд, Швейцария, Норвегия, Андорра, Испания, Бельгия, АҚШ, Латвия, Жаңа Зеландия, Эстония, Гонконг, Венгрия және Литва кіреді. Ресей 53-орынға жайғасқан.

Ал Қазақстан 207 елдің ішінде 113-орында тұр. Мысалы, Ресейде 5 ГБ өлшемді файлды жүктеу үшін 46 минут уақыт кетеді екен. Ал Тайваньда мұны бар болғаны 8 минут ішінде жасауға болады.