Қазақстан қалалары бойынша Құрбан айт намазының уақыты жарияланды

0
1 191

Мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы күнінде, яғни, Арафа күнінен кейін және Ораза айттан 70 күннен кейін басталатын Құрбан айт мейрамы үш күн тойланады.


Қазақстан қалалары бойынша Құрбан айт намазының уақыты жарияланды

ERNUR.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Халықаралық астрономиялық зерттеу орталығының мәліметін негізге ала отырып, осы жылы Құрбан айт мерекесі тамыздың 11-і күні басталатынын хабарлайды, деп жазады sputniknews.kz.

ҚМДБ мақұлдаған күнтізбе бойынша биыл құрбан айттың бірінші күні тамыздың 11-не сәйкес келіп тұр. Айт намазы оқылып біте салысымен мұсылман жұртшылығы құрбандықтарын шала бастайды. Құрбан шалудың уақыты айтың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша Құрбан айт намазының уақыты:

  • Нұр-Сұлтан - 7:00
  • Алматы - 7:00
  • Алматы облысы - 7:00
  • Ақтөбе - 7:00
  • Ақмола облысы - 7:00
  • Атырау - 7:00
  • БҚО - 7:00
  • Қарағанды - 7:00
  • Қостанай - 8:00
  • Қызылорда - 7:00
  • Маңғыстау - 7:00
  • Түркістан облысы - 7:15
  • Шымкент - 7:15
  • Павлодар - 7:00
  • Семей - 7:00
  • СҚО - 7:00
  • Талдықорған - 7:00
  • ШҚО - 7:00
  • Жамбыл - 7:00