"Қазақстан халқы америкалықтардың қайғысын бөліседі": Тоқаев Трампқа көңіл айтты

0
875

Мемлекет басшысы көптеген кінәсіз азаматтардың өмірін қиған қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.


ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа көңіл айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Д. Трампқа көптеген кінәсіз азаматтардың өмірін қиған қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдадым: осынау АҚШ үшін қиын сәтте Қазақстан халқы америкалықтардың қайғысын бөліседі. Президент мырза, Сізге қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамын", - делінген Тоқаевтың Twitter желісіндегі жазбасында.


Еске салсақ, АҚШ-та өткен тәулікте үш рет жаппай атыс болды. Алдымен төтенше жағдай Техас штатындағы Эль Пасо қаласының сауда орталығында болды. Атыс салдарынан 20 адам қаза тапты. Оқ атқан 21 жастағы ер адам болып шықты, ол тәртіп сақшыларына өзі берілді. Кейін Огайо штатындағы Дейтон қаласында атыс болып, салдарынан он адам қаза тапты, тағы 16 адам зардап шекті. Кейін жаппай атыс ұйымдастырған ер адамның қарындасы құрбандардың арасында болғаны белгілі болды. Атыс Ned Peppers барының маңында болған. Сондай-ақ, қылмыскерді мекемеге кіргізбей қойғаннан кейін ол атыс шығарғаны белгілі.

Үшінші оқиға Чикагодағы балалар алаңында болды, нәтижесінде жеті адам жараланды. Қара Chevrolet Camaro мінген шабуылдаушының ұсталғаны туралы ештеңе хабарланбады.