Қазақстан халқы мамыр айындағы мерекелерде неше күн демалады

0
1 097

Мамыр айында Қазақстанда үш мемлекеттік мереке атап өтіледі.


Қазақстан халқы мамыр айындағы мерекелерде неше күн демалады

ERNUR.KZ. Елде төтенше жағдай болғанына қарамастан жұмыс істейтін көптеген қазақстандықтар мереке күндері неше күн демалатындарын білгісі келеді, деп жазады zakon.kz.

Электрондық үкіметтің мәліметі бойынша, 2020 жылдың мамыр айында Қазақстанда үш мемлекеттік мереке атап өтіледі:

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі жұма күніне тап келеді;демалыс
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, бейсенбіге келіп тұр;
9 мамыр - Жеңіс күні - сенбіде.

9 мамыр демалыс күніне келетіндіктен, қазақстандықтарға тағы бір демалыс күні беріледі, ол сенбіден дүйсенбіге - 11 мамырға ауыстырылды.

Алайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі 7 мамырдан 10 мамырға дейін демалу үшін демалыс күнін 11 мамырдан 8 мамырға ауыстырды.

Осылайша, қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 1, 2, 3 мамырда, содан кейін 7, 8, 9 және 10 мамырда демалады.