"Қазақстан халқына" қоры: Білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеттелмейді

0
1 110

Әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды "Қазақстан халқына" қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы пікірлер тарап жатыр.


ERNUR.KZ. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

БҒМ баспасөз қызметі мәліметінше, әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды "Қазақстан халқына" қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы пікірлер жазылып жатыр.

"Мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, БҒМ-ге қарасты жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері қорға ақша аударуға міндеттелмейді. Білім ұйымдарының басшылары хабардар", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 11 қаңтарда Мәжілісте сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырған болатын.

16 қаңтарда "Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесі сайланды.