«Қазақстан халқына» қорына ақша аударғандарға салық төлеу жеңілдеуі мүмкін

0
483

Төтенше жағдай кезінде туындайтын тағы бір мәселе – зардап шеккен бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеу.


«Қазақстан халқына» қорына ақша аударғандарға салық төлеу жеңілдеуі мүмкін

ERNUR.KZ. Елдегі бизнес субъектілерінің «Қазақстан халқына» қорына қаражат аударымдарын ынталандыру үшін салық міндеттемелерін азайтуға құқық беру бөлігінде салық кодексін өзгерту жөніндегі нормалар қаралады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятовтың айтуынша, аталған мәселе әлі талқылануда.

«Бұл бастама аталған қордың қаражатынан көрсетілетін көмек. Салық заңнамасы тұрғысынан мұндай қаражат алушының табысымен қаралады. Осылайша, қазір салық кодексінің мұндай ережелері салық салудан босату пайдасына қайта қаралатын болады», − дейді Қ. Миятов.

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде туындайтын тағы бір мәселе – зардап шеккен бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеу. Бұл залалға байланысты өтелетін соманы салық салудан босату мәселесіде талқылануда.

«Бұл да Ұлттық экономика министрлігінің алаңында пысықтауда және таяудағы зардап шеккен бизнес субъектілері мен халықты қолдау үшін Салық кодексіне бірқатар түзетулер ұсынатын болады», − дейді мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.