«Қазақстан халқына» қорындағы ақша қашан беріледі

0
552

Қазір қорда 117 млрд теңгеден аса қаржы жиналған.


«Қазақстан халқына» қорындағы ақша қашан беріледі

ERNUR.KZ. «Қазақстан халқына» қорындағы қаржы әуелі ауыр дертке шалдыққан балаларды емдеуге жұмсалады. Бұл туралы қордың баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов мәлімдеді, деп жазады 24.kz.

Қазір тізімде 36 науқас бала бар. Кейбіріне қымбат дәрілер қажет болса, енді біріне операция жасау керек. Жиналған ақша алдымен осы балалардың еміне жұмсалады.

Қаражат алдағы аптада бөлініп қалуы мүмкін. Олар арнайы комиссияның шешімін күтіп отыр. Қазір қорда 117 млрд теңгеден аса қаржы жиналған. Мамандар қордан бөлінетін қаражат мұқтаж адамдардың жеке өзіне берілмейтінін ескертіп отыр. Олар қажет дәріні өздері сатып алып береді немесе операция жасайтын аурухананың шотына аударады.

"Біз сирек және орфанды аурулармен ауыратын балаларға басымдық беріп отырмыз. Осы бойынша жақын арада алғашқы шешімдердің бірі шығады. Бұл шешім Қазақстан халқының көңілінен шығады деген ойдамыз", - дейді «Қазақстан халқына» қорының баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов.