Қазақстан халқының саны 18 млн 46 мың 900 адамға жетті

0
887

Ел ішіндегі миграция 15,7 пайызға көбейді.


Қазақстан халқының саны 18 млн 46 мың 900 адамға жетті

ERNUR.KZ. Қазақстан халқының саны 2019 жылдың 1 мамыры бойынша 18 млн 468 мың 900 адамға жетіп, 2018 жылдың 1 мамырынан бері 239 900 адамға артты, деп жазады ҚазАқпарат.

Тарқата айтқанда, Қазақстандағы қалалар халқының саны 10 млн 751,4 мың адамды (жалпы, халық санының 58,2 пайызы), ауыл халқы 7 млн 717,5 мың адамды құраған.

Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында республикада 1 жасқа дейінгі 1 138 бала шетінеген (өткен жылдың қаңтар-сәуір айларында 1 095 бала). Бала өліміне негізінен перинаталды кезеңдегі жағдайлар себеп болып жатады. Осы себептер бойынша қаңтар-сәуір аралығында 584 бала көз жұмған (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 506). Аномалиямен туған балалардың 223-і (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 239) өмірден өтті. Тыныс алу мүшесінің ауруынан 92 бала, қайғылы жағдайлар мен уланудан, жарақаттардан 37 бала жан тапсырған.

Осы жылдың қаңтар-сәуір айларының аралығында Қазақстанға келушілердің саны 10,8 пайызға азайып, кеткен азаматтардың саны 23,4 пайызға артты. Миграциялық ағын көбінесе ТМД елдеріне қатысты болып отыр. ТМД-дан келген және кеткендердің үлесі 83,4 пайыз және 89 пайызды құрады.

Ел ішіндегі миграция 15,7 пайызға көбейді. Аймақаралық сипатта оң сальдо елдің төрт облысында Маңғыстау облысы (579), Шымкент қаласы (2 768), Нұр-Сұлтан (8 463) мен Алматы (9 363) қалаларында байқалады.