Қазақстан коммуналдық қызмет тарифтері ең төмен елдердің бірі

0
588

​Қазіргі тарифтеріміз Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен 2-3 есе төмен.


Қазақстан коммуналдық қызмет тарифтері ең төмен елдердің бірі

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев коммуналдық саладағы тарифтік саясатты айта отырып, еліміздегі тарифтер әлем бойынша ең төмен деңгейде екенін мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.


«ТМД және алыс шетелмен салыстырғанда біздің елімізде коммуналдық қызмет тарифтері төмен. Мысалы электр қуаты, сумен қамтамасыз ету, жылу мен газға біздің қазіргі тарифтеріміз Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен салыстырғанда 2-3 есе төмен», – деді комитет төрағасы.


Асан Дарбаевтің айтуынша, Қазақстан бойынша коммуналдық қызмет тарифтері ең жоғары өңірлерге Маңғыстау, Атырау және Солтүстік Қазақстан облысы жатады.


«Маңғыстауда теңіз суы тұщытылады. Сол себепті бағасы қымбат. Ал Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қаласында газ бағасы қымбат. Бағаға коммуналдық нысандардағы құрылғылардың техникалық жағдайы мен тұтыну көлемі әсер етеді. Барлық жердегі баға қалыптасуына өзіндік негіз бар», – деді ҰЭМ өкілі.