«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі тағайындалды

0
1 364

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі тағайындалсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары;

2) «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.