Қазақстан Конституциясына енгізілген түзетулер күшіне енді

0
654

Ата Заңымызға енген түзетулер Қазақстанның суперпрезиденттік республикадан қуатты парламенті бар президенттік республикаға ауысуын көздейді.


Қазақстан Конституциясына енгізілген түзетулер күшіне енді

ERNUR.KZ. 5 маусымдағы референдум қорытындысы бойынша дауыс берушілердің 77,18 пайызының қолдауымен Конституцияға ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді, деп жазады ulysmedia.kz.

Ата Заңымызға енген түзетулер Қазақстанның суперпрезиденттік республикадан қуатты парламенті бар президенттік республикаға ауысуын көздейді. Өзгертулер мен түзетулер сондай-ақ бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты көптеген артықшылықтардан, соның ішінде "Елбасы" мәртебесінен айырды.

Бұдан бөлек, өзгерістер президенттің туыстарына мемлекеттік органдарда басшылық қызметтер атқаруға тыйым салады, Конституциялық сот құруды, адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесін бекітуді және өлім жазасына толық тыйым салуды көздейді.