Қазақстан коронавирусты емдеуде гидроксихлорохинді қолдануды тоқтатты

0
697

Сондай-ақ, ПТР тестілеу мерзімі мен саны, емдік терапия өзгертілді.


Қазақстан коронавирусты емдеуде гидроксихлорохинді қолдануды тоқтатты

ERNUR.KZ. Сапа жөніндегі бірлескен комиссияның кезекті отырысында COVID-19 коронавирус инфекциясының диагностикасы мен емдеуіне қатысты клиникалық хаттамаға өзгерістер енгізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Facebook -тегі парақшасында жазды.

Хаттаманың жаңа редакциясындағы өзгерістер:

Екі қосымша қосылды – COVID-19 пневмониясымен ауырғандарды инфекциялық стационардан шығарған соң пациенттерді бақылау алгоритмі және COVID-19 науқастарында көктамыр тромбоэмболиясын диагностикалау және емдеу.

Сондай-ақ, ПТР тестілеу мерзімі мен саны, емдік терапия (оның ішінде жаңа зерттеулер алынғанша гидроксихлорохин қолдану тоқтатылды) өзгертілді. Симптомсыз формасын емдеу тактикасы өзгертілді (үй карантиніне алу). Реконвалесценттерді стационардан шығарған соң емдеу және бақылау.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы гидроксихлорохин мен хлорохинді COVID-19 вирусын емдейтін дәрі ретінде клиникалық сынауды тоқтатқан болатын.