​«Қазақстан» корпорациясының фильмі қытайлық телеарнаға сатылды

0
1 353

Фильм Қытайдың ең ірі телеарнасында көрсетіледі.


​«Қазақстан» корпорациясының фильмі қытайлық телеарнаға сатылды

Қытайлық телеарналардың бірі «Қазақстан» телерадиокорпорациясы дайындаған «Текетірес» фильмін көрсету құқығын сатып алды. Бұл туралы телерадиокорпорация басшысы Ерлан Қарин facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.Вaq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы дайындаған «Текетірес» (Противостояние/Standoff) кинокартинасы Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестивальде жоғары баға алды. Бүгін осы фильмді CCTV 6 телеарнасында трансляциялау құқығын сату туралы келісімге қол қойылды. Аталған телеарна Қытай территориясында киноөнімді тарататын ең ірі арна болып саналады. Бұл – үлкен жетістік, себебі шетелдік фильмдер Қытай телевизиялық нарығына кіруге рұқсатты жиі ала бермейді», - деп жазды Ерлан Қарин.