​Қазақстан Қырғызстаннан әкелінетін ет өніміне шектеуді алып тастады

0
1 132

Шектеу "Риха", "Қант нан зауыты", "Баркад", "Салих ЛТД" және "Адал-Азық" компанияларының тауарларына қойылған.


​Қазақстан Қырғызстаннан әкелінетін ет өніміне шектеуді алып тастады

ERNUR.KZ. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі Қырғызстанның бірқатар ет өнімдерін елге кіргізуге қойылған шектеуді алып тастады. Бұл жөнінде Қырғызстанның ветеринарлы және фитосанитарлы қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекциясы мәлімдеді.

Қазақстан 12 қазанда Қырғызстаннан әкелінетін ет өнімдеріне уақытша шектеу қойған. Себебі "Қырғыз аумағындағы жануарлар ауруына" қатысты делінген.

Шектеу "Риха", "Қант нан зауыты", "Баркад", "Салих ЛТД" және "Адал-Азық" компанияларының тауарларына қойылған.

Осының алдында 8 қазанда Қырғызстан Қазақстанның құс өнімдеріне аймақта "құс тұмауы" індеті жүріп жатыр деген ақпарат бойынша шектеу қойған. Қазақстан аймақта құс тұмауы індетін жоққа шығарды. Бішкек кейін бұл шектеуді алып тастады.

Дереккөз:centralasian.org/a