Қазақстан мен АҚШ санкция салдарын жеңілдету бойынша келіссөздер жүргізді

0
636

Қазақстандық қатысушыларға санкциялар режимі жағдайында серіктестермен ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша түсініктемелер берілді.


Қазақстан мен АҚШ санкция салдарын жеңілдету бойынша келіссөздер жүргізді

ERNUR.KZ. Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларының Қазақстан экономикасына теріс әсерін азайту үшін санкциялар мәселелері бойынша қазақстандық-америкалық онлайн консультациялары өтті, деп жазады baq.kz.

Қазақстанның атынан консультацияларға сауда-экономикалық, қаржы, көлік, қорғаныс, энергетика және аэроғарыш салаларына жауапты мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұлттық компаниялардың өкілдері (80-ге жуық қатысушы) қатысты.

Америкалық тарап АҚШ-тың Ресейге қарсы жақында енгізілген санкциялары туралы және сауда-экономикалық, банк-қаржы және энергетика салаларындағы жаңа санкциялар шектеулерінің ерекшеліктері туралы хабардар етті. Қазақстандық қатысушыларға санкциялар режимі жағдайында серіктестермен ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша түсініктемелер берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан экономикасы үшін АҚШ-тың санкциялық саясатының болжанбаған салдарларын болдырмау үшін консультацияларды жалғастыруға келісті.