Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көрсеткіші 30%-ға артты

0
561

Бұған коронавирус пандемиясына қатысты жағдайдан кейін Қытай экономикасының қалпына келуі оң ықпал етті.


Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көрсеткіші 30%-ға артты

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен телефонмен сөйлесті, деп жазады baq.kz.

Тараптар екі ел арасындағы теміржол және автомобиль тасымалына қатысты өзекті мәселелерді және өткізу бекеттеріндегі жағдайды талқылады.

Сондай-ақ шекара өткелдерінде жүк автокөліктерін өткізуді арттыру және Достық-Алашанькоу халықаралық аралығында жүк вагондарын технологиялық өңдеуді күшейту жайы сөз болды. Биылғы 6 айдың қорытындысында "Бір белдеу – бір жол" Жібек жолы бағытымен транзиттік контейнерлік тасымалдау көлемі 64% артты. Достық-Алашанькоу шекара өткелі арқылы жүк тасымалы 22%, Алтынкөл – Қорғас арқылы 58% ұлғайды, - делінген хабарламада.

Жалпы биыл бірінші жарты жылдықта екі ел арасындағы теміржол жүк тасымалының көрсеткіші 30% артты. Бұған коронавирус пандемиясына қатысты жағдайдан кейін Қытай экономикасының қалпына келуі оң ықпал етті.