​Қазақстан мен Қытай сауда-саттық саласында ұлттық валюта қолдануға келісті

0
2 337

Қос мемлекет Қазақстан мен Қытайдағы Ұлттық банктер арасындағы «теңге-юань» айырбасты жүзеге асыруды жалғастырып, қаржыландыру саласына инновациялық әдістер енгізбек.


​Қазақстан мен Қытай сауда-саттық саласында ұлттық валюта қолдануға келісті

Қазақстан мен Қытай қаржы саласында серіктестікті нығайтып, инвестиция, сауда-саттық саласында ұлттық валютаны кеңінен қолдануға келісімдер жасасты. Бұл туралы 2018 жылы 7 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин біріккен мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жаспап.

Қос мемлекет Қазақстан мен Қытайдағы Ұлттық банктер арасындағы «теңге-юань» айырбасты жүзеге асыруды жалғастырып, қаржыландыру саласына инновациялық әдістер енгізбек.

Сондай-ақ, қос тарап электронды трансшекаралық сауда-саттық саласында серіктестікті нығайтуға келісті. «Цифрлық экономика» бағытында ұлттық бағдарламаларды бірігіп жүзеге асыру, жаңа серіктестік моделі мен платформасын құру көзделуде.

Мемлекеттер АХҚО, Жібек жолы және Қытай-Еуразия қорлары арасында стратегиялық, экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға келісті. Сондай-ақ, Жібек жолы қорын АХҚО биржа акционерлері құрамына қосуға қолдау көрсетілді. Құжатта АХҚО-ның Азия банкімен инфраструктуралық инвестицияларды дамыту көзделгені туралы жазылған.