Қазақстан мен Өзбекстан Аралды бірлесіп құтқармақ

0
1 110

​ ҚазАқпарат - Аралды құтқару мәселесі бойынша Қазақстан мен Өзбекстан мамандарының бірлескен жұмыс тобы құрылады. Бұл туралы Өзбекстандағы Қазақстан елшісі Ерік Өтембаев Қарақалпақстанға сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».


Қазақстан мен Өзбекстан Аралды бірлесіп құтқармақ

ҚазАқпарат - Аралды құтқару мәселесі бойынша Қазақстан мен Өзбекстан мамандарының бірлескен жұмыс тобы құрылады. Бұл туралы Өзбекстандағы Қазақстан елшісі Ерік Өтембаев Қарақалпақстанға сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Біз Аралды құтқару бойынша бірлесіп әрекет етуге келістік. Қарақалпақстанның шөлейттенумен күресте жетістіктері бар, сондай-ақ осы мәселеге қарсы түрлі өсімдіктер өсіру, әсіресе сексеуіл отырғызудан жақсы тәжірибе жинақтаған. Осы бағыттарда Қазақстан мен Өзбекстан мамандарының бірлескен жұмысы тиімді әдіс табуға мүмкіндік береді. Бұл ретте ҚР Президентінің Халықаралық Аралды құтқару қорының рөлін күшейту бойынша бастамасы өте маңызды», - деп атап өтті Е.Өтембаев. Сондай-ақ, дипломат таяу уақытта суды үнемдеудің жаңа әдістерін және оны тиімді пайдалануды зерттеу саласында Қазақстан мен Өзбекстан мамандарынан тұратын жұмыс тобы құрылмақ.