Қазақстан мен Өзбекстан әуе қатынасын жаңартты

0
591

Екі ел авиакомпанияларының ұшақтары әзірге аптасына бір рет ұшады.


Қазақстан мен Өзбекстан әуе қатынасын жаңартты

ERNUR.KZ. Бүгін Ташкент әуежайына Қазақстаннан келген жолаушылары бар борт жарты жылдың ішінде алғаш рет қонды. Рейс Алматыдан келді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Екі ел авиакомпанияларының ұшақтары әзірге аптасына бір рет ұшады. Ташкенттен Алматыға және кері қарай әуе қатынасы жаңартылды. Бұл бағыттағы авиабилеттер құны бұрынғыдан екі еседен астам бағаға қымбаттады. Қызыл аймаққа жолаушылар келген кезде COVID-19 ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуы керек.

Айта кетейік, жақында Өзбекстан билігі біздің елімізді қолайсыз эпидемиологиялық жағдайы бар мемлекеттер тізімінен алып тастады.

«Келген кезде жолаушылар шекарашыларға 72 сағат бойы жарамды ПТР тест ұсынуы тиіс. Сондай-ақ, Өзбекстан мен Қазақстан азаматтары үшін 14 күнге ерікті өзін-өзі оқшаулау туралы сауалнама толтырылатын болады. 20 қыркүйекке дейін Өзбекстан үкіметі Қазақстанды қызыл аймақтан сары аймаққа көшірді. Сондықтан Қазақстаннан келетін жолаушылар үшін шаралар аздап жеңілдетіледі»,- деді қазақстандық авиакомпанияның өкілі Равшан Шәкіров.