Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда 2 есеге өсті - Тоқаев

0
558

Мемлекет басшысы үкіметаралық байланыстар, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстар айтарлықтай жанданғанын атап өтті.


Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда 2 есеге өсті - Тоқаев

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда 2 есеге өсті. Бұл туралы бүгін Ақордада Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін біз қазақ-түрікмен қарым-қатынастарының стратегиялық сипатын тағы да растадық және бауырлас халықтарымызды одан әрі жақындастыруға өзара ұмтылысымызды білдірдік. Достық пен өзара тиімді түрде көпжоспарлы ынтымақтастығымыздың басымдықтарын айқындадық. Сауда-экономикалық серіктестікке ерекше көңіл бөлінді. Өткен жылдың қорытындысында бірлескен іс-шаралардың арқасында екіжақты тауар айналымымыз екі есеге артып, 250 млн доллардан асты. Биыл да оң динамика сақталды. 7 айда өзара сауданың екі есе өсуі қамтамасыз етілді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы үкіметаралық байланыстар, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстар айтарлықтай жанданғанын атап өтті.

«Экономиканың түрлі саласында бірқатар жоба іске асыру сатысында тұр. Сондықтан, бізде сауда-экономикалық кооперацияны тереңдету үшін айтарлықтай резервтер бар деп санаймыз. Осыған байланысты біз экономикаларымыздың өзара толықтырылуын ескере отырып, экспортты әртараптандыру қажеттігін белгіледік», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.