Қазақстан мен Түркия бірлесіп сериал түсіреді

0
1 942

"Алып-Арслан" деп аталатын тарихи телехикая 6өлімнен тұрады.


Қазақстан мен Түркия бірлесіп сериал түсіреді

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Түркия бірлесіп тарихи сериал түсірмек. Танымал түрік продюсерлері жұмысқа кірісіп кеткен, деп хабарлайды Хабар 24.

Жобаға түркиялық продюссер Эмре Конюк қатысады.

"Алдағы уақытта 6 бөлімнен тұратын Алып-Арслан тарихи телехикаясын түсірмекпіз. Туындыдағы соғыс алаңдары мен жазық дала көріністерін Қазақстанда түсіруді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Қорқыт Ата жайлы фильм түсіретін кез келді. Төрткүл дүние ұлы тұлғаларымызды тануы тиіс. Ұрпақтары ретінде бұл біздің борышымыз", - дейді Эмре Конюк.

TRT түсірілім павильонының директоры Яхия Тайып Айдениздің айтуынша, түрік режиссерлері қазақстандық Nomad каскадерлері мен "Хассақ" этно-фольклорлық ансамблімен жұмыс істейді.

"Тарихымыз бір. Сондықтан ортақ жобаны жүзеге асырсақ деп армандаймыз. (...) Халықаралық TRT киностудия қалашығының құрылысын бір жыл бұрын бастадық. Бүгін бір бөлігін қазақстандық делегациямен бірге аралап, ортақ жобаны жүзеге асыру жөнінде пікір алмастық", - дейді ол.

Түркия бүкіл әлем бойынша телехикая экспорында екінші орында тұр.