Қазақстан мобильді интернет ең арзан 5 елдің қатарында

0
392

​Рейтингіде Үндістан көш бастап тұр.


Қазақстан мобильді интернет ең арзан 5 елдің қатарында

ERNUR.KZ. Коронавирустық пандемия барлық саланы интернеттендіру үдерісін жеделдетті. 2020 жылы Қазақстан Республикасында 6-74 жас аралығындағы тұрғындардың арасында интернетті пайдаланушылардың үлесі 88,2%-ға дейін өсті. Ал бес жыл бұрын бұл көрсеткіш 76,8% -ды құраған, деп жазады inbusiness.kz.

2021 жылдың 1 сәуіріне дейін Қазақстанда ғаламторға қолжетімді 16,1 млн ұялы байланыс абоненті тіркелген. Бір жыл ішінде олардың саны 8%-ға, бес жыл ішінде бірден 45,9%-ға өскен. Сонымен қатар қазір интернеттің жылдамдығы мен бағасына қатысты мәселе қазақстандықтар үшін бірінші орынға шықты.

Үлкен аймақтарды қамтуды қажет ететін күрделі географиялық ерекшеліктерге қарамастан, Қазақстандағы мобильді желі әлемдегі ең арзан интернет. Мұны ғаламторға қолжетімділіктің жаһандық индексі растайды. Рейтингіде Қазақстан ең арзан мобильді интернеті бар ТОП-5 елдер қатарына кірді. Қазақстанда 1 ГБ орташа құны небәрі 0,9 долларды құрады, ал көптеген дамыған елдерде бұл көрсеткіш 9-10 доллардан асады. Яғни, отандастарымыз 15 ГБ үшін орташа есеппен 13,5 доллар төлейтін болса, мысалы, Германияда - 73,5 доллар, Жапонияда - 84 доллар, АҚШ-та - 144 доллар, Канадада - 166,5 доллар, Швейцарияда 192 доллар екен.

Үндістан - әлемдегі мобильді интернет ең арзан мемлекет, Израиль мен Ресей де көшбасшылар қатарында.

Сонымен қатар, зерттеу барысында Қазақстанда телекоммуникация саласы Орталық Азияда мемлекеттерімен салыстырғанда ең жедел дамып келе жатқаны анықталды.

Жақсы талшықты-оптикалық желілер, мобильді жәнк кең жолақты инфрақұрылым операторларға абоненттерге үлкен көлемдегі трафик пакеттерін ұсынуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бұл ғаламтор бағасының қолжетімділігіне ықпал етеді.

Бұған қоса елімізде ұялы байланыс операторлары бұл салаға айтарлықтай инвестиция салуда. 2020 жылы ақпарат және коммуникация саласына тартылған инвестициялар 37,2%-ға, 140,9 млрд теңгеге дейін өсті және осы жылдың бірінші тоқсанының аяғында инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63,2% -ға артты.