Қазақстан өмір сүру ұзақтығы бойынша 193 елдің ішінде 105-орынды иеленді

0
2 525

Биыл 1 қыркүйекте Қазақстан халқының саны 19 млн адамды құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,4%-ға артық.


Қазақстан өмір сүру ұзақтығы бойынша 193 елдің ішінде 105-орынды иеленді

ERNUR.KZ. Елде халықтың орташа жасы 31,9 жасты құрады, оның ішінде әйелдердің орташа жасы - 33,5 жасты, ерлердің орташа жасы - 30,2 жасты құрады.дер 1,3%, 9,8 млн адамға дейін өсті. Елдегі әйелдер саны ерлер санынан 6%-ға артық, деп жазады ulysmedia.kz.

Worldometer мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы әлем халқының өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен 73,2 жасты құрады: әйелдер үшін 75,6 жас және ерлер үшін 70,8 жас.

Орта есеппен ең ұзақ өмір сүру жасы Гонконгта тіркелген: 85,29 жыл. Көшбасшы елдердің үштігіне Жапония мен Макао да кірді. Ең аз өмір сүру ұзақтығы Орталық Африка республикасында (барлығы 54,36 жыл) және Чадта (55,17 жыл) тіркелді.

Қазақстан бұл рейтингте 193-тен 105-ші орынға ие болды.


Сонымен қатар, халқы ұзақ өмір сүретін елдер ішінде ең аз айырмашылық Исландияда (әйелдердің пайдасына 2,75 жыл), сондай-ақ Норман аралдарында, Швейцария мен Австралияда (сәйкесінше 3,49, 3,6 және 3,72 жыл) байқалды.

Әйелдер мен ерлердің өмір сүру ұзақтығындағы ең елеулі айырмашылық посткеңестік елдерде байқалады: Литва (10,73 жыл), Ресей (10,53 жыл), Беларусь (9,75 жыл), Украина (9,71 жыл) және Латвия (9,56 жыл). Қазақстан ер мен әйелдің өмір сүру жасында ең көп айырмашылығы бар он елді тұйықтайды.