Қазақстан Өзбекстанға наразылық нотасын жолдайды

0
2 573

Ала шапанды ағайындар алып бөгеттің құрылысын қазақстандық тараппен ақылдаспастан бастап кеткен.


 Қазақстан Өзбекстанға наразылық нотасын жолдайды

ERNUR.KZ. Еліміз бұзылған су қоймасына қатысты Өзбекстанға наразылық нотасын дайындап жатыр, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Атамекен бизнес арнасына сұхбат берген Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов мәлімдеді.


Вице-министрдің айтуынша, ала шапанды ағайындар алып бөгеттің құрылысын қазақстандық тараппен ақылдаспастан бастап кеткен. Ал трансшекаралық нысандардың барлығы халықаралық ережеге сай, іргелес жатқан елмен келіссөз жүргізу негізінде салынуы керек. Осылайша Өзбекстан тарапы Біріккен ұлттар ұйымының конвенциясын өрескел бұзған.

Екі елге ортақ есеппен айтсақ, 276 мың шаршы шақырым аумақты су басқан. Оның 80 мың шаршы шақырымға жуығы Қазақстанға тиесілі.