Қазақстан палуандары Мысырда өткен турнирде жалпыкомандалық есепте 1-орын алды

0
1 298

Мысыр 2-орын, Ирак 3-орын алды.


Қазақстан палуандары Мысырда өткен турнирде жалпыкомандалық есепте 1-орын алды

ERNUR.KZ. 12-13 қараша аралығында Мысырда өткен халықаралық турнирде Қазақстанның грек-рим күресінен палуандары жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының баспасөз қызметі турнирге Қазақстанның грек-рим күресінің палуандары қатысқанын хабарлады.

Атап айтқанда: 55 келі салмақта Марлан Мұқашев, 60 келіде Ернар, Ернұр Фидахметовтер, 63 келіде Ғалым Кабдунасаров, Мухамедали Мамурбек, Дастан Зарлыханов, 67 келіде Дінмұхамед Қошқар, Сұлтан Әсетұлы, Данияр Каленов, Абылайхан Амзеев, 72 келіде Ерасыл Нұрбосынов, 77 келіде Ибрагим Магомадов, Демеу Жадраев, Азат Садықов, 82 келіде Мирас Баршылықов, 87 келіде Бақдәулет Азамат, 97 келіде Жантас Нұрғали, Юсуф Мациев, 130 келіде Антон Савенко, Мансур Шадукаевтар қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Қазақстан 1-орын алды. Мысыр 2-орын, Ирак 3-орын алды.