Қазақстан полициясы сервистік модельге көшейін деді

0
1 520

Полиция – бұл халық, ал халық – бұл полиция.


Қазақстан полициясы сервистік модельге көшейін деді

ERNUR.KZ. Халықаралық тәжірибеге сай, Қазақстанда сервистік полицияның тұжырымдамасы қабылданды, деп жазады zakon.kz.

Cервистік полиция – полиция қызметіндегі қоғамдық бағдарланған тәсіл – басқару стилі, мәселелерді шешуге және қоғаммен серіктестікке бағытталған ұйымдастырушылық стратегия.

Осы стратегия шеңберінде полиция қоғаммен тығыз өзара іс-қимыл жасауға, полиция қызметінің тиімділігі және нақты аумақта тұратын тұрғындардың қауіпсіздігі мәселелерінің басымдылығы туралы халықтың пікірін ескере отырып, қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешуге бағытталған белсенді жұмыс моделіне бағдарланады.

Қызметке бағытталған полиция қызметі – бұл полиция мен қоғамға қылмысты ашуда, құқық қорғау және қауіпсіздік мәселелерін шешуде ынтымақтастықтың жаңа әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін модель. Ол екі негізгі құрамдас бөлікке негізделген: полицияның әдістері мен тәжірибесін өзгерту және полиция мен қоғам арасында сындарлы қарым-қатынас орнату үшін шаралар қабылдау.

Бұл модельдің мәні қоғам мүшелерінің қауіпсіздік мәселелерін анықтау процесіне белсенді қатысуы болып табылады. Азаматтарды тарту аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес бойынша кеңейтілген көзқарас орын алады, бұл бүкіл полиция қызметіне терең өзгерістер енгізуге әкеп соғады.

Тиімділікке қол жеткізетін бұл тәсіл барлық полиция қызметтері тарапынан да, өзара іс-қимыл мен осы процестегі өз үлестерінің нәтижелерін байқай алатын жұртшылық тарапынан да мақсатты қолдауды көздейді.

"Полицияның сервистік моделінің" негізін сипаттауға болатын негізгі қағидат – Полиция – бұл халық, ал халық – бұл полиция.

"Қазір Қазақстанда өзінің ұлттық моделін құру жүріп жатыр. Біз полиция – бұл азаматтардың проблемаларын шешетін және көмектесетін қызмет деп санаймыз. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің "сервистік" форматына көшу үшін өткен жылдан бастап Қарағанды облысында пилоттық жоба басталды. Оның мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде жергілікті қауымдастықпен әріптестік қатынастар орнату. Жақын арада осындай жоба елордада жұмыс істей бастайды", - деп атап өтті ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков Алматы ІІМ академиясы базасында өткен жаңа жағдайдағы полиция мәселесін талқылау барысында.