​Қазақстан полициясының қызметтік киім үлгісі өзгеретін болды

0
2 623

Қазақстанның полициясы ескі жабдықтарын заманауи және жетілдірілген түрге ауыстырады.


​Қазақстан полициясының қызметтік киім үлгісі өзгеретін болды

ERNUR.KZ. Жақын арада Қазақстанның полициясы ескі жабдықтарын заманауи және жетілдірілген түрге ауыстырады деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, полицейлердің қызметтік киімдері қазіргі заманғы станддарға сай емес және жеткілікті түрде жайлы емес.

Қазақстан полициясын жаңғырту аясында тәртіп сақшыларына ведомство мақұлдайтын отандық өндірушілер дайындаған жаңа киім үлгісі енгізімекші.

Естеріңізге сала кетсек, Елбасы тапсырмасымен үкімет қаулы шығарып, ішкі істер департаменттерінің атауын полиция департаменті деп өзгерткен болатын.