Қазақстан Президенті Анхель Гурриамен кездесті

0
695

Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас хатшысымен бірнеше жыл бұрын кездескенін еске сала отырып, одан бері екіжақты серіктестікте елеулі ілгерілеу болғанын атап өтті.


Қазақстан Президенті Анхель Гурриамен кездесті

Бүгін Германиядағы жұмыс сапары аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас хатшысымен бірнеше жыл бұрын кездескенін еске сала отырып, одан бері екіжақты серіктестікте елеулі ілгерілеу болғанын атап өтті.

Өз кезегінде А. Гурриа Қазақстанмен арада ынтымақтастық байланыстар нығайып келе жатқанын атап өтті.

«Мен бүгінгі кездесуге өте қуаныштымын. Біз көптеген министрлермен бірлесіп жұмыс істедік. Осы орайда қарым-қатынастың жыл санап дамып келе жатқанын атап өткім келеді. Бүгінгі кездесуге шын жүректен қуаныштымын. Биыл ынтымақтастығымыз одан әрі өрлей түседі деген сенімдемін», - деді Анхель Гурриа.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен келді.

Сапар бағдарламасы аясында Президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панельдік пікірталасына қатысады.