Қазақстан Президенті Бішкекте қуғын-сүргін құрбандарының монументіне гүлдестесін қойды

0
736

Екі ел Президенттері әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне барып, гүл қою рәсіміне қатысты.


Қазақстан Президенті Бішкекте қуғын-сүргін құрбандарының монументіне гүлдестесін қойды

ERNUR.KZ. Бүгін Бішкекте мемлекеттік сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков «Ата-Бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барды, деп жазады ҚазАқпарат.

Мемлекет басшылары қуғын-сүргін құрбандарының монументіне гүлдестесін қойды.

Осыдан кейін екі ел Президенттері әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне барып, гүл қою рәсіміне қатысты.

Сонымен қатар Мемлекет басшылары саяси қуғын-сүргін құрбандары мен Ш. Айтматовтың рухына арнап құран бағыштады.

Шыңғыс Айтматов 2008 жылы маусымның 10-ында Алманияның Нюрнберг қаласындағы ауруханада қайтыс болды. 14 маусымда Бішкек қаласының шетіндегі «Ата-Бейіт» тарихи-мемориалдық кешенінде жерленді.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапармен Қырғыз Республикасына келген болатын.

Сапар аясында Қазақстан мен Қырғызстан Президенттерінің қатысуымен шағын құрамдағы келіссөздер болады. Одан кейін екі ел делегацияларының қатысуымен Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің кезекті бесінші отырысы өтеді деп күтілуде.