Қазақстан Президенті шетелдік туристерге қандай кеңес берді

0
966

​Қазақ жеріне келген турист ең алдымен тау, кең дала, шексіз жұлдызды аспан мен бешбармаққа көңіл аударуы қажет.


Қазақстан Президенті шетелдік туристерге қандай кеңес берді

ERNUR.KZ. Шетелдік журналистермен болған әңгіме барысында Қазақстан Президенті, біздің елге алғаш келген шетелдік туристерге бірқатар кеңес берді, деп жазады Zakon.kz.

Сұқбат үзіндісі ҚР Президенті Телерадиокешенінің instagram-ғы парақшасында жарияланды.

- Мен ең біріншіден біздің асқар тауларымызды көруді ұсынар едім. Иыққа рюкзак асынып, аяққа кроссовки киіп, тауға бағыт алу керек. Жаздыгүні бұл өте тамаша көрініс. Жасыл белесте тұрып, алдыңдағы биік қарлы тауға қарайсың. Ал қыстыгүні - айнала аппақ үнсіздік. Жан-жағың аппақ қар, жылылық және күн. Сонымен қатар оның түнгі уақытта тауда тұрып, жұлдыздың қаншалықты жақын екенін көргенін қалар едім, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Екіншіден, ол жазиралы кең далаға барып, шексіз аспанды көруді ұсынатынын айтты.

- Және үшіншіден. Мен киіз үйге кіріп, ұлттық тағам - бешбармақ жеп, артынан бір кесе қымыз ішер едім. Бешбармақ - бұл салт. Сіз дастарханға жайғасқан кезде, алдымен шәй ішіп, адам асқазанын дайындайды. Біздің даламыз арқылы Қытай империясына өткен Марко Поло мынадай жазба қалдырған: "Қазақтар түнгі 12-де ас ішуге жайғасады". Себебі биік үстелдер жоқ, жастыққа жантая жатады. Неге сағат 12 дейсіз ғой, себебі, малды өрістен алып келеді, оны жайғастырады, оны сауып жүргенде біраз уақыт өтіп кетеді. Көрген-білгендер жайлы әңгіме-дүкен құрады. Негізінде жаман өмір емес. Адамды шаршататын мәдениеттіліктен әлдеқайда алыс, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Төртіншіден, ол шетелдік туристке атқа мініп, күн ұзағына кең далада серуендеуге кеңес берді.