Қазақстан президенті ТМД басшыларына ұсыныс жасады

0
822

Мемлекет басшысының айтуынша, сауда-экономикалық байланыстарды әлі де кеңейтуге болады.


Қазақстан президенті ТМД басшыларына ұсыныс жасады

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері басшыларының кеңесінде ұйымның ішкі ынтымақтастық байланыстарын күшейтуді ұсынды, деп жазады sputnik.kz.

"Бірқатар беделді халықаралық ұйымдардың мәліметіне сәйкес, ТМД елдері арасындағы сауда айналымы 91 миллиард доллардан асып отыр. Осы көрсеткіш әлемдік сауда-саттықтың 0,5 проценті ғана құрайды. Алайда Достастық елдерінің өзара сауда үлесі сыртқы байланыстардың 20 процентін алып отыр", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, осы көрсеткіштер сауда-экономикалық байланыстарды әлі де кеңейтуге болатынын аңғартады.

Осы орайда Тоқаев өндірістік кооперацияға басымдық беруді ұсынды. Оның сөзінше, бірлескен кәсіпорындарды көптеп құрып, өндірістік тізбекті және өзара тиімді ынтымақтастық қарым-қатынасты арттыруға әбден болады.

Қазақстан президенті өндірістік кешендерді дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын әзірлеу керек деп санайды. Осы құжатта нақты механизмдер мен қолдау шаралары көрсетілуі шарт.

Тоқаевтың ойынша, сауда-инвестициялық байланыстарды күшейту үшін қызметтер саудасы туралы келісімді рәсімдеу керек.