​Қазақстан Президентінің жаңа көмекшісі тағайындалды

0
1 119

Ол осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған болатын.


​Қазақстан Президентінің жаңа көмекшісі тағайындалды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен, Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған болатын. Мемлекет басшысының Өкімімен Ерұлан Жамаубаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты аталмыш лауазымынан босатылды.

Ал Тимур Мекешұлы Жақсылықов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды.