Қазақстан Ресейді айналып өту үшін Әзірбайжан арқылы мұнай экспорттауды жоспарлап отырған жоқ – Министр

0
660

12 тамызда БАҚ беттерінде жарияланған ақпаратта Қазақстанның аталған бағыт бойынша мұнай экспорттауды қыркүйекте бастайтыны жайлы айтылған.


Қазақстан Ресейді айналып өту үшін Әзірбайжан арқылы мұнай экспорттауды жоспарлап отырған жоқ – Министр

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанның Ресейді айналып өту үшін мұнайды Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры арқылы экспорттауды жоспарламағанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

12 тамызда БАҚ беттерінде жарияланған ақпаратта Қазақстанның аталған бағыт бойынша мұнай экспорттауды қыркүйекте бастайтыны жайлы айтылған. Ал 2023 жылдан бастап екінші әзірбайжандық құбыр арқылы жылына 3,5 миллион тонна мұнай гурзиялық Супса портына жеткізіледі делінген.

"Мен де бұл ақпаратты оқыдым. Мен бүгін мұнай жеткізу бойынша қандай да бір келісімге қол қоямыз деп ойламаймын. Мұндай сұрақтар ұлттық компаниялар деңгейінде талқылануы тиіс, бірақ қыркүйекте мұнай тасымалдау бойынша келісімге қол қойылады деген сөз болған жоқ. Мен мұндай келіссөз жүргізген жоқпын", – деді Болат Ақшолақов Атырауда өткен брифинг барысында.

Сонымен қатар министр Reuters басылымы атаған 1,5 миллион тонна мұнайдың экспортталуы күлкілі жағдай екенін айтты. Себебі бұл Қазақстанның экспорт бағыты бойынша мәселесін шеше алмайды, яғни көлемі өз аз екен.

Ақшолақов бүгінгі таңдағы басты мақсат Каспий құбыр консорциумының тоқтаусыз жұмысын істеуін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

"Бұл бағыт экономикалық тұрғыдан ең тиімдісі", - деп түсіндірді ол.