Қазақстан Ресейдің газ ақысын тек рубльмен төлеу туралы ұсынысынан бас тартты

0
546

Энергетика министрі валютаны таңдау екіжақты келісімдердің коммерциялық шарты болуы керектігін баса айтты.


Қазақстан Ресейдің газ ақысын тек рубльмен төлеу туралы ұсынысынан бас тартты

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар алаңында ЕАЭО-дағы ортақ газ нарығы туралы келісім бойынша келіссөздердің барысы туралы айтты, деп жазады stan.kz.

"Қол қойылған құжат жоқ, келіссөздер жүріп жатыр, кеше ғана өтті. Ресей жақтың ұсыныстарының бірі – барлық төлемдерді рубль арқылы өткізу болды. Біздің ұстанымымыз бойынша, бұл нұсқа келісім тараптарының таңдауында болуы керек еді", – деді министр.

Энергетика министрі валютаны таңдау екіжақты келісімдердің коммерциялық шарты болуы керектігін баса айтты.

"Газ сатып алу үшін ол (сатып алушы) кез келген валютаны таңдай алады және негізінен ешқандай шектеулер болмауы тиіс: ол кез келген ұлттық валюталар, соның ішінде ресейлік рубль мен біздің теңге болуы мүмкін", – деп түсіндірді Болат Ақшолақов.

Айта кетейік, ЕАЭО елдерінде ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы келісім бірнеше жылдан бері талқыланып келеді.