Қазақстан ресейлік туристердің ең танымал бағыттарының үштігіне енді

0
930

2019 жылдың бірінші тоқсанында елімізге 528 мың ресейлік турист келген.


Қазақстан ресейлік туристердің ең танымал бағыттарының үштігіне енді

ERNUR.KZ. Қазақстан ресейлік туристердің ең танымал бағыттарының үштігіне енді, деп жазады Алтайньюс.

Дерек көзінің хабарлауынша, Қазақстан тіптен ресейліктер арасында аса танымал Түркия мен Тайланд сияқты елдерді де артта қалдырыпты.

2019 жылдың бірінші тоқсанында ресейліктер елімізге 528 мың сапар жасаған. Бұл – Ресейдегі барлық шетелдік бағыттар арасындағы үшінші көрсеткіш. Осы ретте биыл 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда Қазақстанды таңдаған ресейлік туристердің үлесі бір пайызға артқанын атап өткен жөн.

Айта кетейік, ең танымал шетелдік бағыттардың ондығына Абхазия (Грузия) (803 мың сапар), Финляндия (731 мың), Қазақстан (528 мың), Тайланд (494 мың), Қытай (484 мың), Эстония (389 мың), Украина (380 мың), Түркия (341 мың), БАӘ (316 мың) және Германия (307 мың сапар) еніпті.