​Қазақстан Сианьдағы көрмеде өз өнімдерін ұсынды

0
1 020

Май мен балыққа қызығушылық танытуда.


​Қазақстан Сианьдағы көрмеде өз өнімдерін ұсынды

ERNUR.KZ. Қазақстанның Қытайдағы сауда-экономикалық миссиясы Сиань қаласында өткен жыл сайынғы VII Халықаралық сатып алу көрмесінің бір бөлігіне айналды, деп жазады ҚазАқпаратҚазақстанның Сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қытайлық компаниялар ауылшаруашылық өнімдерінің импортына, қазақстандық май мен балыққа қызығушылық танытуда. Себебі, Аспан асты еліне ұн өндірушілерді қоса алғанда, дәл осы тамақ өнімдерімен айналысатын компаниялар барған болатын. Қытайлық тараптан 30-дан астам компаниялар қатысты.

Сауда-экономикалық миссиясын ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Қытайдың Халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу комитеті ұйымдастырды.

Іс-шара барысында екі елдің бизнес-қауымдастықтары инвестиция, логистика және сауда салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі зор мәселелерін талқылады.

Осыған дейін Сиань мен қазақстандық қалалардың бірінің арасында достық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол жеткізілгендігін жазғанбыз.