Қазақстан СІМ басшысы Түркі академиясының Президентімен кездесті

0
812

Кездесуге Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі И.Адырбек те қатысты.


Қазақстан СІМ басшысы Түркі академиясының Президентімен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дархан Қыдырәлі Академияның қатысушы елдермен және халықаралық ұйымдармен, атап айтқанда БҰҰ, ЮНЕСКО, ИСЕСКО, КОМСТЕК-пен жүргізіліп жатқан жұмысы және ынтымақтастықты дамыту туралы хабардар етті. Ол сондай-ақ Академияның Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына, Нәзір Төреқұловтың 130 жылдығына және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу жоспарлары туралы айтып, биыл түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан қаласында Түркологияның дүниежүзілік конгресін өткізуге дайындық барысы туралы хабарлады.

Министр Академияның қатысушы елдердің ғылыми және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын ілгерілетудегі белсенді жұмысын жоғары бағалады.

Кездесуге Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі И.Адырбек те қатысты.

Түркі академиясы 2010 жылы 25 мамырда Қазақстанның бастамасымен құрылып, қазіргі уақытта түркологияның халықаралық танылған ғылыми орталығына айналды. Академияға мүше елдер: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия. Мажарстан байқаушы мәртебесіне ие. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.