Қазақстан СІМ өкілі Әл-Ақса мешітіндегі жағдай туралы айтты

0
869

5 сәуірде Иерусалимдегі "Әл-Ақса" мешітінде палестиналықтар мен Израильдің тәртіп сақшылары арасында қақтығыс болды.


Қазақстан СІМ өкілі Әл-Ақса мешітіндегі жағдай туралы айтты

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израильдегі Әл-Ақса мешіті маңындағы қақтығыстардан кейін Қазақстанның ұстанымын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Қазақстан қасиетті "Әл-Ақса" мешітінде мұсылмандарға шабуыл жасалуына байланысты Таяу Шығыстағы шиеленістің өршуіне қатысты өзінің алаңдаушылығын білдіреді. Қалыптасқан жағдайда тараптар ұстамдылық танытып, зорлық-зомбылыққа және ахуалдың одан әрі ушығуына әкелетін қадамдардан, сондай-ақ арандату іс-әрекеттерінен бас тартады деп үміттенеміз", - делінген хабарламада.

Ол осы ретте статус-кво сақтауды маңызды деп санаймыз.

"Қасиетті Рамазан айы мен Песах мейрамы кезеңінде саяси, діни және қоғамдық көшбасшылар бұл шиеленісті азайтуға бар күшін салады деп үміт білдіреміз. Қазақстан әрдайым толеранттық және діндер арасындағы диалогты нығайтуға шақыра отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес Таяу Шығыс мәселесін бейбіт жолмен шешуге бағытталған халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін қолдайды", - деді Смадияров.