Қазақстан спортшылары Азия чемпионатында таңқаларлық нәтиже көрсетті

0
892

Алтын медаль Надежда Дубовицкаяға бұйырды.


Қазақстан спортшылары Азия чемпионатында таңқаларлық нәтиже көрсетті

ERNUR.KZ. Жеңіл атлетикадан Азия біріншілігінің соңғы күнінде еліміздің қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толықты, деп жазады Stan.kz.

Биіктікке секіруден үш қазақстандық спортшы барлық медальді өзара бөлісіп алды.
Әйелдер арасындағы биіктікке секіру жарыстарында қазақстандық спортшылар үздік нәтижеге қол жеткізді. Алтын медаль Надежда Дубовицкаяға бұйырды, күміс жүлдені Кристина Овчинникова алды. Екі спортшы да бірдей нәтиже көрсетті – 1,89 м, бірақ талпыныстар санының аз болған Надежда жеңімпаз атанды. Қола жүлдені 1,84 метрге секірге Елизавета Матвеева иеленді.

Осылайша, жеңіл атлетикадан Азия-2023 чемпионатында қазақстандықтар үш алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды.