"Қазақстан теміржолы" мен Huawei стратегиялық ынтымақтастық келісіміне қол қойды

0
656

Сондай-ақ ол Huawei компаниясы ҚТЖ-ның цифрлық трансформациясын қолдауға әр кез де қуанышты екенін жеткізді.


ERNUR.KZ. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы мен "Huawei Technologies Kazakhstan" ЖШС ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамытуды көздейтін стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп жазады sputnik.kz.

"Қазақстан мен Қытай көлік-логистика саласындағы қатынастарының қазіргі жоғары деңгейі көрші елдердің ірі корпорациялары арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету үшін қажетті алғышарттар жасайды", - делінген ұлттық компания абарламасында.
Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру үшін ҚТЖ мен Huawei қазақстандық компаниялармен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында белсенді ынтымақтасуға және оларды енгізілетін озық технологияларды тиімді пайдалануға барынша тартуды қамтамасыз етуге ниетті.
"Теміржол жұмыс процестеріне коммуникациялық технологияларды интеграциялау өндірістік мүмкіндіктерді сапалы жақсартуға, клиентке бағдарлануды арттыруға және барынша пайдалану тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді Huawei Technologies Kazakhstan Бас директоры Макс Чжао Сюй.
Сондай-ақ ол Huawei компаниясы ҚТЖ-ның цифрлық трансформациясын қолдауға әр кез де қуанышты екенін жеткізді.
"Қазақстан темір жолдарын цифрлық трансформациялауды жүзеге асыруға көмектесуге ұмтыла отырып, біз жоғары бейімділіктегі және икемділіктегі зияткерлік жоғары технологиялық шешімдерді ұсынамыз. Бұл шешімдер қауіпсіз, ақылды және тиімді теміржол көлігі жүйелерін құру үшін бұлтты қызметтер мен байланыс қызметтерін ұсынады", - деп қосты ол.

Стратегиялық келісім ұзақ мерзімді болып табылады. Нәтижелерге таяудағы бес жылда қол жеткізу жоспарланып отыр.