Қазақстан ТМД бойынша такси бағасы ең қымбат ел болып отыр

0
485

Алайда такси арзандығы жағынан әлем бойынша 105 елдің ішінде 13-орында тұрмыз.


Қазақстан ТМД бойынша такси бағасы ең қымбат ел болып отыр

ERNUR.KZ. Қазақстанда такси қызметі бір жылда 11%-ға қымбаттады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Energyprom зерттеуінше, такси қызметінің арзандығы (стандартты тариф) бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 105 елдің ішінде 13-орында тұр. Яғни, елімізде 1 шақырымдық стандартты тариф 0,35 АҚШ долларын құрады.

Дегенмен ТМД елдері арасында Қазақстан такси тарифі ең жоғары ел болып отыр. Бұл көрсеткіш бойынша тек Әзербайжан алда тұр (1 км үшін 0,59 АҚШ доллары). Салыстыру үшін айта кетсек, Беларусь пен Өзбекстанда такси тарифі 0,2 доллар, Украина мен Молдовада – 0,22 доллар, Арменияда – 0,25 доллар, Ресейде 0,3 доллар тұрады.

Такси қызметі ең арзан ел Пәкістан (0,19 доллар) болса, ең қымбаты Швейцарияда (1 км үшін 4,02 доллар), Кувейтте (3,25 доллар) және Сальвадорда (3 доллар) тұрады.

«Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың кірісі 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 2,45 млрд теңгемен салыстырғанда, 2,59 миллиард теңге болды», - делінген зерттеуде.

Жыл басынан бері 1,3 млрд жолаушы такси қызметін пайдаланған, бұл бір жыл бұрынғыдан 10,9%-ға артық.
Осы жылдың шілдедегі қорытындысына сәйкес, Қазақстан Республикасында бір жыл ішінде таксимен жүру құны 10,5%-ға қымбаттады.

«Өңірлік тұрғыда бағаның өсуін Түркістан облысының тұрғындары (28,2%) қатты сезінді. Екінші және үшінші қатарларда Алматы (28,1%) және Атырау (19%) облыстары тұр. Ең аз жылдық өсім Ақмола облысында (0,5%) тіркелді. Тағы екі облыста – Ақтөбе мен Қарағандыда баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды», - дейді сарапшылар.